«БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» ПӘНІ БОЙЫНША ОНЛАЙН-КУРСТЫ ЕНГІЗУ НЕГІЗІНДЕ АРАЛАС ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАҚТАУ
pdf

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Есмаханова, Ж. and Жусипова, Г. (2025) “«БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» ПӘНІ БОЙЫНША ОНЛАЙН-КУРСТЫ ЕНГІЗУ НЕГІЗІНДЕ АРАЛАС ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАҚТАУ”, Магистранттармен докторанттарға арналған ғылыми-әдістемелік журнал (EW ESMJ), 8(4), pp. 17–29. Available at: https://journal.e-asj.com/index.php/easj/article/view/95 (Accessed: 20 September 2026).

Аңдатпа

Мақалада болашақ биология мұғалімдерін оқыту мен білім беруде педагогикалық жаңа оқыту тәсілдерін пайдаланудың негізгі артықшылықтары мен цифрлық құзерттілігін қалыптастыру қажеттілігі мен тәжірибесі, зерттеу нәтижелері келтірілген. Болашақ биология пәні мұғалімдеріне заман ағымына сай өте үлкен ақпаратты тек игере алу ғана емес, бойындағы білімді нақты өмірде қолдана алуға қабілетті, білікті, сапалы маман болуы жалпы білім беру мекемелері тарапынан қойылатын талаптарға сай болуы өзекті. Сондықтан да, болашақ биология мұғалімінің цифрлық құзыреттілігін аралас оқыту жағдайында қалыптастыруды тeopиялық тұpғыдaн дәйектеу, әдiстeмeсiн жасау негізінде зерттеулер арқылы тиімділігін анықтау мақаланың маңыздылығын айқындайды. Осы мақсатта, зерттеудің тиімді әдісін нақтылау әдебиеттік шолу негізінде орын алды. Ол үшін, зерттеу тақырыбы бойынша жарық көрген ізденістерді іріктеу бүкіл алыс және жақын шет ел зерттеушілердің мақалаларына шолу университет кітапхана жүйесі арқылы қол жеткізілді. Осы орайда ұсынылып отырған бұл мақалада болашақ биология мұғалімдерінің цифрлық құзыреттілігін қалыптастыруға бағдарланып, аралас оқыту жағдайында іске асырылған онлайн курс баяндалады. Атап айтқанда, «Биологияны цифрлы білім беру ортада дамыту» цифрлы пәндік орта онлайн курсын ұйымдастыру және басқарудың әдістемелік жүйесі, студенттердің цифрлық технологияларды аралас білім беру жағдайында меңгеру мен қолдану тәжірибесіне қол жеткізу. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері цифрлы орта білім беру жүйесін жетілдіру мен цифрлық құзыреттілікті арттыру жұмыстарын ұйымдастыруда маңызды қызметке ие. Білім алушыларға сабақты басқару әдістерін оқытуда білім берудің қолайлы онлайн платформаларымен қамтамасыз ету мәселесі толық қарастырылды. Зерттеудің практикалық маңызы: «Биологияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша цифрлық білім беру орта MOODLE (Modular Object Oriented Digital Learning Environment / Модульдік объектіге бағытталған цифрлық оқыту ортасы) базасын әзірлеуге пәннің мазмұны дәрістік, практикалық сабақтар мен білім алушылардың өзіндік жұмыстарын орындауға арналған модуль тапсырмаларынан тұрады. Қорыта келе, білім беру платформаларының қызметтері мен қoлдaнылy тиiмдiлiгiнің артықшылығы мақалада толыққанды келтірілген.

pdf