БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП ПЕДАГОГТЕРІН ФАСИЛИТАТОРЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ДАЯРЛАУ
ESMJ EW 3_2024
pdf

Кілт сөздер

фасилитатор; фасилитация; фасилитаторлық жұмыстар; фасилитатор-педагог; болашақ педагогтер; педагогикалық оптимизм; жұмыстарды ұйымдастыру

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жанадилова, Қ. and Далелханова, А. (2024) “БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП ПЕДАГОГТЕРІН ФАСИЛИТАТОРЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ДАЯРЛАУ”, Магистранттармен докторанттарға арналған "Шығыс - Батыс" ғылыми-әдістемелік журнал, 3(3), pp. 106–119. Available at: https://journal.e-asj.com/index.php/easj/article/view/79 (Accessed: 12 July 2025).

Аңдатпа

Мақалада болашақ бастауыш сынып педагогтерінің кәсіби фасилитаторлық жұмыстарды ұйымдастыруға даярлаудағы негізгі ұғымдарға теориялық талдаулар жасалады. Фасилитация ұғымының  психологиялық көзқарастары көрсетіледі. Болашақ педагогтің өзін тұлға ретінде білуі, өзіндік анықтамасы мен ерекшелік қасиетін өзгерту үшін көптеген қорларды табу маңызды. Көптеген ғалым-зерттеушілердің талдауларында фасилитация, фасилитаторлық жұмыстар және педагог-фасилитатор қызметтері сипатталады. «Фасилитация» және «фасилитатор» сөздеріне нақты талқылаулар жасалады. Фасилитация жоғары сапалы және тәжірибенің заман талабына сай қызметтеріне сәйкес барлық саладағы кәсіпқой іскерлерді оқытудың аспабы саналады. Фасилитатор қызметкерлер арасындағы байланысты нығайтатын, жақсартатын маман, сонымен қатар білім беруде жұмыстың қиындығымен әртүрлігін қабылдауда жақсы ұстаным қалыптастырады, адамдар арасындағы сапалы қарым-қатынасқа көмегін көрсетеді. Болашақ бастауыш сынып педагогтерінің фасилитаторлық жұмыстарды ұйымдастыруда әдіснамалық маңыздылығын фасилитаторлық негіздер және олардың жүйесінен тұрады. Зерттеулер нәтижесінде болашақ бастауыш сынып педагогтерінің фасилитаторлық жұмыстарды ұйымдастыруды даярлауға арналған ғылыми-әдістемелік пікір-ұсыныстар көрсетілді, ғылыми ізденіс, шолу жасалынды.

pdf