Аңдатпа
Ғылыми мақаладазаманауи медиакоммуникация мен саяси консалтингтің аса маңызды бөлігі болып табылатын спичрайтинг саласы туралы, оның бүгінгі Қазақстан Республикасының саяси өміріндегі орны мен өзектілігі тұрғысындағы дәйекті пайымдар айтылды. Ақпарат ғасыры тудырған сан түрлі кәсіптің бірі ретінде медиасала мамандарын қызықтырып қана қоймай, гаджеттер мен цифрлық сауаттылықтың үдерісінен шыға білуді талап ететін спичрайтерлердің қоғамға қаншалықты қажеттілігі қазақ мемлекетіндегі оның өткені мен ертеңі жайлы тұжырымдар қарастырылды. Мақалада блиц-сауал жүргізу арқылыел алдындағы шенеуніктердің сөз сөйлеуі мен өз имиджі және беделіне байланысты оқырмандардың берген бағасы келтірілді. Сондай-ақ, студенттер арасында жүргізілген сауалнаманың негізінде, заманауи медиакоммуникация терминдері мен жаңа бағыттардың жастар арасындағы танымалдығы көрсетілді. Журналистика – қалам құдыреті арқылы халық пен билікті байланыстыратын мамандық болса, спичрайтер - сөз құдіретін қолдана білетін шебер. Дүниежүзі медиа саласының мамандары спичрайтинг саласын зерттеп бағыт-бағдарын танытуға күш салғанымен Орта Азия және посткеңестік мемлекеттерде бұл саланың дамуы мен зерттелуі тым төменжәне дамуы да осыған сәйкес екені анық.