Аңдатпа
Соңғы кезде өмірдің барлық салаларында интеграцияны, біріздендіруді және халықаралық ынтымақтастықты білдіретін жаһандану дәуіріңің жағымсыз салдарының бірі – ұлттық бірегейлікті жоғалту. Бұл кез-келген халықтың өзегі мен мәнін құрайтын мәдени айырмашылықтардың жойылуын,
иесізденуді және дәстүрлердің, тілдердің, рухани және адамгершілік құндылықтардың жоғалуын да білдіреді. Сол себептен бүгінгі таңда өзекті мәселердің бірі – ұлттық бірегейлік пен ұлттық сипат дегеніміз не, оларды өсіп келе жатқан жаһандық процестер жағдайында қалай сақтау керек? Адамзат тарихы ұлттық бірегейліктің ұлттық мәдениетпен және ұлттық әдебиетпен тығыз байланысты екенін дәлелдеді. Көркем әдебиетте жазушылар белгілі бір сюжетті сипаттау арқылы халықтың өмір салтын,
дүниетанымын, адамгершілік құндылықтарын жеткізеді. Ал халықтың мәдениетін қалыптастырудың, сақтаудың негізгі құралы – ұлттық тіл. Бұл мақалада көркем әдебиетте әлемнің ұлттық бейнесі қалай көрінетіні туралы сұрақтар қарастырылады. Жұмыстың негізгі мәселесі – әдеби шығармаларды оқу арқылы белгілі бір халық әлемінің бейнесімен, оның ұлттық ой-санасымен таныса атырып, барлық
халықтарға ортақ құндылықтарды анықтауға болады. Мақалада Ш.Айтматовтың «Ана – жер Ана», «Ақ кеме» повестеріне талдау жасалды. Осы шығармаларда автор қырғыз халқының ұлттық бейнесін, мәдениетін, өзіндік ерекшеліктерін қалай жеткізе алғандығы зерделенді. Ең бастысы, көркем әдебиет
шығармаларын оқу арқылы бір жағынан ұлттық руханилықты, екінші жағынан мәдениетаралық қарым-қатынас пен басқа мәдениеттерге деген сыйластық пен сүйіспеншілікті дамытуға және жас
ұрпақ бойына сіңіруге болатыны туралы қорытынды жасалды.