Жоғарғы оқу орындары студенттерінің тұлғалық және кәсіби дамуының қазіргі кездегі педагогикалық тәсілідері
ESMJ EW 2_2024
pdf (Russian)

Кілт сөздер

оқу, жоғары білім, студент, оқытушы, сапалы білім

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сыздыкбаева, Д. and Арқабаев, Ү. (2024) “Жоғарғы оқу орындары студенттерінің тұлғалық және кәсіби дамуының қазіргі кездегі педагогикалық тәсілідері”, Магистранттармен докторанттарға арналған "Шығыс - Батыс" ғылыми-әдістемелік журнал, 2(2), pp. 65–76. Available at: https://journal.e-asj.com/index.php/easj/article/view/50 (Accessed: 1 May 2025).

Аңдатпа

Жоғары білім беру жүйесі қазіргі уақытта өзгермелі және өсіп келе жатқан талаптар мен қажеттіліктерді қанағаттандырумен қатар, отандық білім беру саласын әлемдік білім беру кеңістігіне біріктіруге бет бұруда. Бұл үздік әлемдік модельге сәйкес мемлекеттік білім беру жүйесінің деңгейін арттыру, білім беру және рухани қажеттіліктерді, жеке тұлғаның мүмкіндіктерін зерттеу негізінде білім беру жүйесінің сапасын арттыруды көздейді. Бұл бағытта мемлекеттік деңгейде іргелі жұмыстар жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде біліктілігі жоғары маман даярлауға нақты әлеуметтік тапсырыс қалыптастырылды, ол ұйымдастырушылық дағдылары, әлеуметтік белсенділікке ішкі ұмтылысы, эмоционалды, ерік-жігері, интеллектуалды және физикалық күш-жігері бар, өз мақсаттарына жету үшін коммуникативті көшбасшы болуы керек, шығармашылық бірегей идеяларды ұсына алады және айналасындағыларды өзіне тарта алады.

pdf (Russian)