ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
ESMJ EW 4_2024
pdf

Кілт сөздер

қабілет, инклюзия, ерекше қажеттілігі бар бала, инклюзивті оқыту, музыка, музыкалық дыбыстар, музыкалық білім

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тәжі, А. and Майгельдиева, Ш. (2024) “ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ”, Магистранттармен докторанттарға арналған "Шығыс - Батыс" ғылыми-әдістемелік журнал, 4(4), pp. 119–131. Available at: https://journal.e-asj.com/index.php/easj/article/view/48 (Accessed: 1 May 2025).

Аңдатпа

Бүгінгі таңда қоғамдық өзгерістердің ауқымдылығы, күрделілігі білім беру саласына өзгерістер енгізуді талап етеді. Осы талаптарды жүзеге асыруды қазіргі білім беру жүйесін дамыту үрдісінде жаңа оқыту үлгілеріне, мазмұнына, технологияларына, түрлері мен әдістеріне қатысты шығармашылық ізденістердің қарқындылығымен әрі көп түрлілігімен ерекшеленетінін мойындауға болады. Мұндай даму қоғамды ақпараттандыру технологиясын қарқынды дамыту аясында жүзеге асыру маңызды. Сондықтан негізінен осы мектептерде ерекше қажеттілігі бар балалардың қалыпты балалар мен оқыту технологиясын оқыту үдерісінде тиімді ұйымдастыру аса маңызды. Осы мақалада ерекше қажеттілігі бар балалардың қабілеттерін дамытудың ерекшеліктері, ерекше балалардың музыкалық қабілетінің дамуын психодиагностикалау және коррекциялық-дамытушылық жұмысты ұйымдастыру жолдары сипатталған.

Мақалада автор инклюзивті оқыту технологиясының музыка сабақтарында пайдалану әдістемесі қарастырған және зерттеу жұмыстары арқылы инклюзивті оқыту технологиясының ғылыми теориялық тұрғыдан мағлұмат алып өз тәжірибесінде кеңінен қолдануға толық мүмкіндігі бар екенін дәлелдеп отыр. Соған қарай, автор инклюзивті оқыту технологиясының маңызының ерекше екендігін ескеріпбірнеше әдістемелік ұсыныстарды жасаған. Атап көрсетсек, олар келеседей: а) мектеп оқушыларына инклюзивті оқыту технологияларының әдістерін пайдаланылған сабақтарда олардың қызығушылығын біршама артады; б) мұғалімнің инклюзивті оқытудың әдістерін сабақта жиі қолданып отыруын қамтамасыз ету; в) білім беру ортасының ғылыми әрі оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуі; г) жаңалықтарды сәтті игеруге қажетті барлық ресурстарды дайындауы; д) музыка пәнінде инклюзивті оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін тиімді тақырыпты ашатындай әдістерді таңдап, аталған технологияның негізінде жүйелі ұйымдастырылса тақырып жан-жақты ашылады; е) оқушыға музыкалық-эстетикалық тәрбиені беруді танымдық белсенділігі мен ойлауын дамыту бағытында жүргізілуі қажет. Әдемілік сезімі мен эмпатия, іс-әрекет етуге талпыну психологиялық денсаулыққа бағыттайды; ж) оқушының музыкалық-эстетикалық әрекеті адамгершілік-эстетикалық дамуға мүмкіндік береді.

pdf