БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДАУ
ESMJ EW 2_2024
pdf

Кілт сөздер

зерттеу мәдениеті, білімді мұғалім, бастауыш сынып, әдіснама, зерттеу қызметі

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Қаби, М., Жусупбекова, Г. and Кенжегалиева, М. (2024) “БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДАУ”, Магистранттармен докторанттарға арналған "Шығыс - Батыс" ғылыми-әдістемелік журнал, 2(2), pp. 56–65. Available at: https://journal.e-asj.com/index.php/easj/article/view/35 (Accessed: 1 May 2025).

Аңдатпа

Мақалада студенттердің кәсіби дайындық процесінде зерттеу мәдениетін дамыту қажеттілігі қарастырылады, оны игеру болашақ бастауыш сынып мұғаліміне рефлексиялық-зерттеу тәсілінде қойылған мәселелерді оңай болжауға, зерттеу өзектілігін тануға, зерттеу объектісін бақылауға, зерттеуге дауындалуға және шешуге мүмкіндік береді. «Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің зерттеу мәдениеті» ұғымы нақтыланды, басқа ғалымдардың ойлары мен түсінігі жазылады. Кәсіби дайындық процесінде болашақ бастауыш сынып мұғалімінде зерттеу мәдениетін дамытуының маңыздылығы анықталынады. Мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арасында кішігірім зерттеу сауалнама арқылы жүргізіледі. Сауалнама нәтижесі бойынша болашақ педагогтардың зерттеу мәдениетін жоғарлатуын қажет етеді, себебі ол келешектегі дипломдық жұмыстарында, мақала немесе жоба жұмыстарын жазу кезінде, кәсіби педагогикалық тәжиребеден өту уақытында және болашақта жұмыс орында істердің орындалуына негіз болады.

pdf