Аңдатпа
Отбасының ең алғашқы бастауы жігіт пен қыздың танысып, бір-бірін ұнатуынан басталады. Қарапайым екі бөлек адам, екі түрлі мінез, екі түрлі өмір салты, бірақ оларға ортақ махаббат бар. Махаббаттың құдіреті соншалық, басқа адамның кемшілігіне қызығудан шаршамайсың. Ол махаббаттың күші керемет, себебі екі түрлі жан бір арнаға тоғысып болашаққа бірге қадам басуға дайын болады. Болашақ өмірде не күтіп тұрғаны, ешкімге белгісіз, бірақ махаббаттың күші сондай алып күш, болашаққа үлкен үміт артып, жүректегі сеніммен аттанады. Міне осындай шақтардың соңында үй болу, отбасын құру, болашаққа қадам басу кезеңдеріне өтеді. Отбасылық өмірге қадам басқан екі жас өз өмірлерінің алғашқы жылдарында үлкен жауапкершілікті сезініп, жас отбасының ер адам мен әйел адам рөлін ажырата бастайды. Осы мәселе аясында мақаламызда жас отбасындағы ер адам мен әйел адамның рөлін қарастырдық.