Аңдатпа
Мақала бастауыш білім берудің өзекті мәселелерінің бірі – оқырмандық қызығушылықтарын дамытуға арналған. Бүгінгі таңда заманауи ақпараттық технологиялар (компьютерлік ойындар, гаджеттер, you-tube арналары, интернет) өзінің әсемдігі және қолжетімділігімен бастауыш сынып оқушыларының назарын аудара отырып, оқырмандық қызығушылықтарының біртіндеп жоғалуына себеп болады. Балалардың, тәрбиешілердің және ата-аналардың әлеуметтік желілердегі қарым-қатынасына көбірек көңіл бөлініп, өзара әрекеттесу үрдісінде мәселелер туындайды. Бұл мәселенің шешімі мұғалімдерде, балаларда, ата-аналарда оқырмандық қызығушылықты дамыту болуы мүмкін (офлайн режимінде). Зерттеудің мақсаты - бастауыш мектеп оқушыларының оқырмандық қызығушылықтары мәселесін зерттеу және бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқырмандық қызығушылықтарын қалыптастыруға әсер ететін әдістер мен формаларды зерттеу. Мақалада оқырмандық қызығушылықты зерттеу саласындағы шетелдік және қазақстандық зерттеушілердің әдебиеттеріне шолу жасалды. «Қызығушылық», «оқырмандық қызығушылық» ұғымдарына анықтама берілген. Зерттеушілердің жұмыстарын талдау нәтижесінде авторлардың мынандай пікірлерін тұжырымдадық: оқырмандық қызығушылық келесілер арқылы көрініс табады: балалардың оқуға деген оң көзқарасында; танымдық, эмоционалдық және ерік-жігерлік қасиеттерінде; оқырмандық қызығушылықты қалыптастыруда жас ерекшеліктерінің ескерілуінде. Авторлар бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығының қалыптасу деңгейін анықтауға арналған диагностикалық әдістемелерді әзірлеген және сынақтан өткізген. Зерттеу әдістері мен нәтижелері ұсынылған. Эксперименттік жұмыс балалардың оқырмандық қызығушылықтарын анықтауға мүмкіндік берді. Мақалада балалардың оқырмандық қызығушылықтарын дамыту процесіне ата-аналардың әсерінің ерекше екеніне назар аударылып, олар «үлгі» ретінде анықталған. Бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылықтарын дамыту шарттары, құралдары, өлшемдері мен көрсеткіштері ұсынылған.