ХИМИЯНЫ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТА ЭКОЛОГИЯҒА НЕГІЗДЕП ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
ESMJ EW 4_2024
pdf

Кілт сөздер

экологиялық химия, парниктік эффект, пәнаралық байланыс, энергия, жану процесі, проблемалық оқыту, ғаламдық жылыну

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Анарбаева, Ш. and Алтынбекова, М. (2024) “ХИМИЯНЫ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТА ЭКОЛОГИЯҒА НЕГІЗДЕП ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ”, Магистранттармен докторанттарға арналған "Шығыс - Батыс" ғылыми-әдістемелік журнал, 4(4), pp. 50–63. Available at: https://journal.e-asj.com/index.php/easj/article/view/16 (Accessed: 1 May 2025).

Аңдатпа

Зерттеудің алғышарты қазіргі таңда үлкен маңызға ие экологиялық проблемалар мен экологиялық білімдер жүйелі түрде қарастырылған химия оқулықтарының (орта мектеп оқушыларына арналған) болмауы, қолда бар оқулықтарда экологиямен пәнаралық байланыстың әлсіз жүзеге асырылғандығы. Мақалада орта мектеп оқушыларына химия пәнін оқытуда экологиялық байланысты тиімді түрде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін оқыту әдіс-тәсілдері мен технологиялары, сондай-ақ пәнаралық байланысты жүзеге асырудағы өз тиімділігін дәлелдегені үшін жоғары мектептің тәжірибесі де қарастырылған. Орта мектепте білім алатын 8-сынып оқушыларына химия пәнін экологиямен байланыстыра оқыту барысында проблемалық оқыту технологиясы, бақылау, эксперименттік әдістер қолданылды. Оқушылардың оқу процесіндегі жетістіктерін бағалау барысында Блум таксономиясы әдісі қолданылды. Зерттеу нәтижесінде орта мектепте химияны экологиямен байланыстыра оқытудың тиімді әдістері анықталды. Оқушыларда қоршаған ортаға байланысты экологиялық білік, білім дағдылары қалыптасты. Химияны экологиямен байланыстыра оқыту барысында оқушыларға экологиялық эксперимент қою арқылы химия заңдылықтарын игеруге мүмкіндік берілді. Химияны пән аралық байланыста оқыту барысында оқушылардың білім деңгейі 4% -ға көтерілді. Бұл ғылыми зерттеу жұмысының нәтижелері орта мектептердегі химия пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік нұсқау ретінде қолданылуы мүмкін.

pdf