Аңдатпа
Бұл мақалада домбыра сабағында білім алушылардың мотивациясын арттыруда ақпараттық ресурстарды қолданудың маңыздылығы қарастырылады. Ақпараттық технологиялар мен заманауи оқу құралдарын тиімді пайдалану оқушылардың қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында ақпараттық ресурстардың оқыту процесіндегі рөлі, олардың оқушылардың белсенділігін арттырудағы әсері талданады. Мақалада әдістемелік тәсілдер мен тәжірибелік ұсыныстар беріледі.
