Аңдатпа
Адамның қоректенуінің әртүрлі түрелрі бар, бірақ жердегі де, ғарыш станцияларында да адам
тамақтануының ең алмастырылмайтын және маңызды түрі-өсімдіктер. Ғарышта өсімдік тағамдарын
өсіру агротехнологиясының замануи жетістіктерінің арқасында мүмкін болды. Бұл ғылыми жұмыс
ғарыш станцияларында адамның қоректенуіне пайдалананылатын өсімдіктерді өсіруге оңтайлы
жағдай жасауды зерттеуге бағытталған. Жұмыс барысында ғарыш станциясының жағдайына
байланысты өсімдіктер мен топырақ түрлері таңдалды. Осы мақсатта екі кезеңді эксперимент
жүргізілді. Бірінші тәжірбиеде ғарыш станциясы жағдайында өсіруге ең қолайлы өсімдіктер
эксперименталды түрде таңдалды. Екінші тәжірбиеде қолданылған субстарт түрлері тәжірбие арқылы
анқталды. Біздің зерттеулеріміз гидропоникалық жүйеде қолданылған субстарттың ғарыштың
экстремалды жағдайында дәстүрлі топырақты алмастыра алатынын көрсетті. Содан кейін, екінші
кезеңде кейбір өсімдіктерді гидрогельде, перлитте және екі субстартың қоспасында өсіру арқылы
таңдалған субстарттың тиімділігі салыстырылды.