Аңдатпа
Мақалада тұтас нағыз қазақ әйел бейнесінің ерекшеліктерін қамтитын кейіпкерлер арқылы әйел адамның бала кезінен қазақи тәрбие аясында тұлға ретінде қалыптасу мәдениетіндеи мгі рухани шыңдалуы жайлы айқындалған. Қазақ ұлттық әдеби мұрасы әйелдер образының ерекше сипаттамаларынан тұратындығы айғақ. Жазба әдебиеттерінде, эпоста қазақ әйелдердің бейнесі әрі ақылшы, әрі адал жар, ерінің ең сенімді серігі екендігін дәлелдейтін тамаша образдарды байқауға болады. Аталмыш қасиеттердің шындығына бүгінгі күнге дейін жеткен ұлттық эпостағы көркем сипат жолдары дәлел болмақ. Қазақ әйелінің бейнесі эпостық кейіпкерлер қатарында суреттелуі – ұлттық тәрбие сарынында шыңдалып, тектілік пен даналықтың біртұтастағын бойында қалыптастырған қазақ әйелдерінің эталон образын бейнелейді. Бүгінгі күнге жеткен эпостың қайсы бірінде болмасын, әйел образы сұлулық пен мейірімділіктің бейнесі ретінде суреттеле келе қазақ әйелдерінің орны ерекше екендігін жеткізеді.