АУДИОВИЗУАЛДЫ ПОДКАСТТАРДЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ТЫҢДАП-ТҮСІНУГЕ ҮЙРЕТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУ
ESMJ EW 1_2024
pdf

Кілт сөздер

аудиовизуалды подкасттар, ағылшын тілі, оқыту әдістері, тыңдап-түсіну, педагог

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Темірхан, С. and Рахимбаева, Б. (2024) “АУДИОВИЗУАЛДЫ ПОДКАСТТАРДЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ТЫҢДАП-ТҮСІНУГЕ ҮЙРЕТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУ”, Магистранттармен докторанттарға арналған "Шығыс - Батыс" ғылыми-әдістемелік журнал, 1(1), pp. 125–133. Available at: https://journal.e-asj.com/index.php/easj/article/view/34 (Accessed: 1 May 2025).

Аңдатпа

Бүгінгі таңда шет тілін үйрену үдерісіндегі маңызды аспект оқушы мен мұғалім арасындағы өзара түсіністікке қол жеткізу болып табылады, соның нәтижесінде баланың ағылшын тілін үйренуде жаңа тәжірибе алуға және ағылшын тілін үйрену арқылы пайдалы білім алуға деген ұмтылысы артады. Казіргі уакытта технологиянын дамуымен шетел тілдерін окыту әдістері жетілдірілуде.Педагогтар оқу процесін жеңілдету үшін әртүрлі аудиовизуалды құралдарды көптеп қолданып жатыр, соның ішінде аудиовизуалды подкасттар. Подкаст – ең соңғы мультимедиялық контенттің бірі ғана емес, сонымен қатар білім берудегі озық технология болып табылатын Интернетте радио және теледидар хабарлары стилінде дыбыс немесе бейне файлдарды жасау және тарату процесі.Осы мақаланың мақсаты аудиовизуалды подкасттарды ағылшын тілі сабағында қолдану арқылы оқушыларды тыңдап-түсінуге үйрету. Аудиовизуалды подкасттардың ұтымды тұстарын анықтау мақсатында мектеп оқушыларына эксперимент өткізілді.Аудиовизуалды подкасттардың тиімділігі анықталды.

pdf