Балаларды музыкалық аспаптармен интерактивті таныстыру
pdf (Russian)

Кілт сөздер

музыка, музыкалық аспаптар, интерактивті әдістер, музыкалық білім, тиімділік, әдістеме, музыкалық технологиялар, шығармашылық оқыту, музыкалық зерттеулер

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Саттенова, А. and Бодауова, Б. (2026) “Балаларды музыкалық аспаптармен интерактивті таныстыру”, Магистранттармен докторанттарға арналған ғылыми-әдістемелік журнал (EW ESMJ), 11(3), pp. 110–127. Available at: https://journal.e-asj.com/index.php/easj/article/view/271 (Accessed: 10 November 2026).

Аңдатпа

Мақалада жалпы білім беретін мектеп оқушыларына музыкалық аспаптарды түрлі интерактивті әдістер арқылы үйрету мәселелері қарастырылады. Бұл әдістер балалардың пәнге деген белсенділігі мен қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Авторлар қазіргі музыкалық білім беру жағдайында музыка сабақтарында танымдық қызығушылықты дамытуға бағытталған балаларды музыкалық аспаптармен интерактивті түрде таныстыру әдістемесінің тиімділігін зерттеген. Авторлық модельде балалармен жұмыс істеудің негізгі компоненттері, қағидаттары мен әдістері ұсынылған. Алынған нәтижелер жүргізілген жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңдердегі оқушылардың музыкалық дамуының оң динамикасын, интерактивті жұмыс әдістерін қолдануға қатысты оқушылардың білімі мен қызығушылығындағы өзгерістерді көрсетеді, сондай-ақ бұл әдістерді одан әрі қолдану бойынша негізгі ұсынымдар мен қорытындыларды қамтиды. Әдістемені жалпы білім беретін және музыка мектептеріндегі сабақтарда, қосымша білім беру жүйесінде және т.б. қолдануға болады.

pdf (Russian)