Аңдатпа
Бұл мақалада болашақ бастауыш сынып педагогтерінің кәсіби-бағдарлы медиабілімдерін дамытудың маңызы жөнінде қарастырылады. Сондай-ақ, болашақ бастауыш сынып педагогтерінің медиабілімдерін дамыту міндеттері мен бастауыш мектеп оқушыларының бұқаралық ақпараттарды қабылдауда оны түсінуге, оның оқушы психикасына кері ықпалы мен әсірін, ақпаратты анализдеуге оған сыни көзқараспен қарауға, техникалық құралдар мен ақпараттық технологиялар арқылы вербальды емес (үнсіз байланыс, ымишара) үлгісіндегі қарым-қатынас ету әдістері мен тәсілдерін үйретуді көздейді.