Аңдатпа
Бұл ғылыми мақалада есту қабілеті бұзылған балалардың сөздік қорын қалыптастыру және дамыту ерекшеліктері егжей-тегжейлі талданады. Әр түрлі авторлардың әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі жұмыстары мен зерттеулері, олардың әдістері мен осы өзекті мәселеге қатынасы талданады. Сонымен қатар, осы санаттағы балалардың сөздік қорын қалыптастыру және дамыту үшін қолданалатын заманауи әдістер қарастырылған. Жүргізілген зерттеу нәтежелері есту қабілеті бұзылған балаларда сөздік қорын дамыту үшін түзетү-дамыту процесінде қолдануға болатын ең тиімді тәсілдерді бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл мақалада кеңес ғалымдарының еңбектерін ретроспективті қарастырудан бастап, қазіргі зерттеушілер қолданатын әдістерді талдауға дейінгі балалардың осы санатындағы сөздік қорын дамытуға бағытталған зерттеулерге жанөжақты шолу жасалады.