Аңдатпа
Қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) өмірдің барлық салаларына еніп кетті. Ақпараттық кезең еліміздің қазіргі өркениеттің маңызды компоненттерінің бірі болып табылатын жаһандық ақпараттық кеңістікке енуіне әкелді және оқушының рухани-адамгершілік және құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы маңызды факторлардың біріне айналды. Осы БАҚ-ның біздің өмірімізде әсіресе, жастардың бойын билеген үлкен мәселелердің бірі екендігі бәрімізге аян. Ендеше қаншама зерттеулерде зерттеліп, күн тәртібінен түспей келе жатырған БАҚ мәселелері бүгінгі біздің зерттеуіміздің де арқауы болды. Қазіргі заманғы бұқаралық ақпарат құралдарын, әсіресе Интернет желісін теріс пайдалану әлемде өте кең таралды. Интернетке тәуелділік денсаулық сақтау үшін үлкен проблемаға айналды, оны ресми деңгейде медициналық ауру деп тану керек. Мақалада жасөспірімдердің қалыптасуына ықпал ететін БАҚ-тың әсері, оның рөлі, жағымды, жағымсыз тұстары, ата-аналарға кеңестер қарастырылған.