Аңдатпа
Бұл мақалада білім беру үдерісінде ағылшын тілі сабақтарында және сабақтан тыс уақытта сандық білім беру және ақпараттық ресурстарын қолданудың маңызы, әдістемелік ерекшеліктерінің сипаттамасы, интерактивті оқыту жүйесі жобасы аясында жасалған білім беру және ақпараттық ресурстарының мазмұны мен құрылымын талдау қарастырлған. Сонымен қатар, білім беру және ақпараттық ресурстарына қойылатын талаптар, қағидалар, топтамалардың мазмұны, және оны қолданудың әдістері көрсетілген. Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың жаңа толқыны білім беру және ақпараттық ресурстарын оқушылардың шет тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру құралы ретінде қолдану өте тиімді. Оқытуда сандық білім беру және ақпараттық ресурстарды енгізе және қолдана отырып интеллектуалды дамыған, ақпараттық ортада жақсы әрекеттене білетін тұлғаны қалыптастыру жолында пайдалы болуы мүмкін ақпарттық коммуникация құралдарының барлығын пайдаланудың белсенді процесі жүріп жатыр. Бұл ретте оқушының шығармашылық қабілетін аша білу үшін жағдай жасау, оның қабілетін дамыту, өзін-өзі жетілдіру және жауапкершілікке тәрбиелеу сынды факторлар басты назарға алынуы шарт. Білім және біліктілік адам үшін маңызды құндылықтардың бірі. Соған орай білім жүйесі де дайын білімді игеруге ғана емес, интеллектуалдылықты қалыптастыруға, жеке танымдық-қызығушылық әрекетті қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Білім берудің әр түрлі саласында озық білім беру және ақпараттық ресурстарды пайдалану соның ішінде ақпараттық білім беру ресурстары қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.
Тіл үйрену барысында жаңа технологияларды қолдана отырып, педагогикалық процесстің жазу, тыңдау, түсіну, сөйлеу дағдыларын дамытуға әбден болады. Ал енді психологиялық жағына келетін болсақ, қазіргі уақыт ағымындағы оқушылардың әрқайсысының үйлерінде әдетте көптеген ойындары бар компьютерлер, ноутбуктар, видеоқұрылғылар мен телевизор бар болғандықтан, олар қоршаған ортадағы әр ақпаратты осындай тәсілмен қабылдауға үйренген. Жаңа технологиялардың мүмкіндіктері білім беруде оқу бағдарламаларын жеңілдетуге, ал тіл үйренуде сәтті қолдана отырып, шығармашылық белсенділікті дамытуға, пәнге деген қызығушылықты арттыруға, тыңдау мен сөйлеу дағдыларына үйретуге ең жақсы әсер етіп, нәтижесінде оқушылардың сапалы білім алуын қамтамасыз етеді. Дәл осы тұста білім беру мен ақпараттық ресурстарының атқаратын қызметі мен берер септігі мол.