Аңдатпа
Білім беру жүйесінде оқу үдерісі мен қатар білім алушылардың шығармашылығын дамыту өте маңызды аспектілердің біріне жатады. Оқыта отырып, білім алушылардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін айқындау арқылы оны дамыту мұғалімдердің алдына қойылған басты міндеттердің бірі. Цифрлық дәуірдің өркендеуіне байланысты виртуалды ортада білім алушылардың шығармашылығын дамытуда инновациялық технологиялардың бірі интерактивті тренажерлардың білім беру мүмкіндіктерін зерттеу аталмыш мақаланың өзектілігін айқындайды. Сол себепті мақаланың мақсаты білім алушылардың шығармашылығын дамытуда цифрлық технологиялардың зор мүмкіндіктерін ұтымды және саналы түрде пайдалануға болатындығын айқындауға бағытталады. Мақсатқа жету үшін тиісті міндеттер анықталып, олардың шешімін табу үшін зерттеу әдістері таңдалды. Басты әдіс ретінде білім алушылардың шығармашылығын дамытуда интерактивті тренажерлардың мүмкіндіктерін зерттеу үшін қолданылатын жүйелік талдау. Сондай-ақ осы мақаланы жазу барысында логикалық талдау әдісі, салыстырмалы талдау, синтез және индукция әдістері қолданылды. Макалада шығармашылық қабілеттің адам өміріндегі маңыздылығы айқындалып, бастауыш білім алушыларының шығармашылығын дамытуда инновациялық технологиялар соның ішінде интерактивті тренажерларды ұтымды пайдалану қажеттілігі негізделеді. Мақала материалы бастауыш сынып мұғалімдері, педагогикалық мамандықтағы білім алушылар мен оқытушылар үшін практикалық тұрғыдан құнды болып табылады.