“New pipe” автоматтандырылған су құбырлар жүйесі
ESMJ EW 1_2024
pdf (English)

Кілт сөздер

құбыр, энергия, су, жарылыс, су датчигі, электромагнит, диод, GPS, күн батареясы, серводатчик, фоторезистор, реле

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Қанатнұр, А. and Сейдаз, Т. (2024) “‘New pipe’ автоматтандырылған су құбырлар жүйесі”, Магистранттармен докторанттарға арналған "Шығыс - Батыс" ғылыми-әдістемелік журнал, 1(1), pp. 18–24. Available at: https://journal.e-asj.com/index.php/easj/article/view/42 (Accessed: 1 May 2025).

Аңдатпа

Ғылыми-зерттеу жұмыстары жер асты құбырлары жүйесінің жарылыс салдарынан елеулі зақымданулар мен шығындарға ұшырамауын қамтамасыз етуге арналған. Мәселен, мегаполистің жер асты су құбыры жарылған жағдайда қала тұрғындары су тапшылығына ұшырап, қаланы су басады. Кейін сынған құбырдың орнын іздеп, құбыр орнатылған жолдарды қазып, жөндеу жұмыстарын жүргізуге ақша мен су шығыны артады. Ал осы жөндеу шараларына жұмсалған уақыт ішінде жолдар жабылатын қалаларда ұзақ уақытқа көлік кептелісі көп болатыны анық. Осы мәселелерді толығымен шешу және шығындарды барынша азайту үшін «NEW PIPE автоматтандырылған құбыр жүйесі» жобасы құрылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде біз өз мақсатымызға толық жетіп, жүйені автоматтандыру және пайдалану кезінде 80 пайыз дұрыс нәтижелерге қол жеткіздік. Суды сезіну сенсоры жарылған құбырды жылдам анықтау үшін 1-10 секунд аралығында сигнал береді.

pdf (English)