Балалардағы миопия: мәселелері, диагностикасы және шешу жолдары
pdf (Russian)

Кілт сөздер

миопия, аккомодация, көру өткірлігі, экран уақыты, профилактика

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Серғалы, Г. and Исаева, К. (2026) “Балалардағы миопия: мәселелері, диагностикасы және шешу жолдары”, Магистранттармен докторанттарға арналған ғылыми-әдістемелік журнал (EW ESMJ), 10(2), pp. 25–35. Available at: https://journal.e-asj.com/index.php/easj/article/view/255 (Accessed: 20 September 2026).

Аңдатпа

Бұл мақалада мектеп жасындағы балалар арасында миопияның таралуының заманауи мәселелері, сондай-ақ көру жүктемесінің артуы жағдайында оның ерте диагностикасы мен алдын алу ерекшеліктері қарастырылады. Жақыннан көргіштіктің дамуына әсер ететін қауіп факторларына кешенді талдауы жүргізілді, оның ішінде экран алдында өткізілетін уақыттың артуы, оқу жүктемесінің жоғары болуы, ашық ауада болу уақытының азаюы және генетикалық бейімділік қарастырылды. Зерттеуде Алматы қаласы мен Жетісу облысы мектептерінің бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларына сауалнама жүргізу, сондай-ақ рефракциялық бұзылыстарды ерте анықтау мақсатында профилактикалық тексерулер өткізу қамтылған көпдеңгейлі тәсіл қолданылды. Объективті деректер алу үшін сипаттамалық статистика әдістері және Қазақстан Республикасының ресми статистикалық көрсеткіштері мен шетелдік деректерге салыстырмалы талдау жасалды. Зерттеу нәтижесінде мектеп оқушылары арасында миопияның таралу деңгейі ресми статистика мәліметтерінен жоғары екендігі, сондай-ақ көруді түзету құралдарымен қамтамасыз етілу деңгейінің төмендігі анықталды. Ерте диагностиканың негізгі мәселелері ретінде скринингтік тексерулердің жеткіліксіз ұйымдастырылуы және мектеп медицина қызметкерлеріне түсетін жүктеменің жоғары болуы айқындалды. Алынған нәтижелер профилактикалық іс-шаралар жүйесін жетілдіру, ата-аналар мен педагогтардың ақпараттандырылуын арттыру, сондай-ақ балаларда миопияны ерте анықтау мен оның үдеуін баяулату бойынша жүйелі тәсілді енгізу қажеттілігін растайды.

pdf (Russian)