Аңдатпа
Бұл мақала болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің soft skills дағдыларын дамыту үдерісінде жасанды интеллект құралдарын қолдану мүмкіндіктерін қарастыруға арналған. Қазіргі білім беру кеңістігінде кәсіби құзыретті, икемді ойлайтын және цифрлық технологияларды тиімді пайдалана алатын педагогтерді даярлау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Мақалада soft skills ұғымының мазмұны ашылып, оны қалыптастырудағы жасанды интеллект құралдарының рөлі мен педагогикалық әлеуеті сипатталады. Зерттеу барысында жоғары білім беру ұйымында «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын студенттері мен бастауыш сынып мұғалімдеріне сауалнама жүргізіліп, олардың soft skills дағдыларының қалыптасу деңгейі мен жасанды интеллектке деген көзқарасы анықталды. Алынған нәтижелер талданып, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік, сыни ойлау, ынтымақтастық және өзін-өзі дамыту дағдыларын жетілдіруде жасанды интеллект құралдарын қолданудың тиімді жолдары ұсынылды. Зерттеу нәтижелері педагог кадрларды даярлау жүйесінде ЖИ құралдарын мақсатты түрде пайдаланудың маңыздылығын көрсетеді.
