БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЫҢ СЫНИ ОЙЛАУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МЕДИАМӘДЕНИЕТ
pdf

Кілт сөздер

медиамәдениет, сыни ойлау, болашақ педагог, цифрлық білім беру, ақпараттық сауаттылық, кәсіби даярлау, педагогикалық құзыреттілік.

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Карханова, Ұ. and Жусупбекова, Г. (2026) “БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЫҢ СЫНИ ОЙЛАУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МЕДИАМӘДЕНИЕТ”, Магистранттармен докторанттарға арналған "Шығыс - Батыс" ғылыми-әдістемелік журнал, 10(2), pp. 89–99. Available at: https://journal.e-asj.com/index.php/easj/article/view/238 (Accessed: 6 August 2026).

Аңдатпа

Мақала болашақ педагогтардың сыни ойлау қабілетін дамытуда медиамәдениеттің рөлін қарастырады. Цифрлық технологиялардың жылдам дамуы мен ақпарат көлемінің артуына байланысты, болашақ мұғалімдердің кәсіби қызметінде ақпаратты сыни бағалау, талдау және интерпретациялау қабілеті маңызды. Осы тұрғыдан, медиамәдениет педагогтарды кәсіби дайындаудың маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – болашақ педагогтарда сыни ойлауды дамытуда медиамәдениеттің әлеуетін теориялық тұрғыдан негіздеу. Зерттеудің негізгі идеясы – білім беру үдерісінде медиаресурстарды мақсатты пайдалану студенттердің аналитикалық, бағалаушылық және рефлексивтік дағдыларын дамытуға ықпал етуі мүмкін екенін көрсету. Зерттеудің ғылыми маңызы медиамәдениет пен сыни ойлау арасындағы өзара байланысты анықтау және оларды педагогтарды даярлау контексінде нақтылау. Практикалық маңызы – алынған нәтижелерді білім беру бағдарламаларын және әдістемелік ұсыныстарды әзірлеуде қолдануға мүмкіндік беру. Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттерді теориялық талдау, салыстыру, жалпылау және жүйелеу әдістері қолданылды. Нәтижелер медиамәдениет болашақ педагогтарға ақпаратпен жұмыс жасауға, өз пікірін дәлелдеуге және негізделген шешімдер қабылдауға ықпал ететінін көрсетті. Алынған нәтижелер педагогикалық білім беру теориясы мен практикасында қолданылуы мүмкін.

pdf