Аңдатпа
Мақалада әлеуметтік желілердің кең таралуы жағдайында өзекті болып отырған FoMO (Fear of Missing Out) феноменін өлшеуге арналған A.K.Przybylski әзірлеген шкаланы қазақ тіліне тілдік және мәдени тұрғыда бейімдеу нәтижелері ұсынылады. Зерттеудің мақсаты - FoMO шкаласының қазақша нұсқасының мазмұндық валидтілігін анықтау және оның бастапқы психометриялық сипаттамаларын бағалау. Зерттеу барысында шкала тармақтары қазақ тіліне аударылып, кәсіби сарапшылардың қатысуымен мазмұндық сараптама жүргізілді. Polit және Beck әдістемесіне сәйкес мазмұндық валидтілік индекстері (I-CVI, S-CVI/Ave) есептеліп, шкаланың мазмұндық валидтілігінің өте жоғары деңгейде екені анықталды. Әдістеменің пилоттық апробациясы 20-23 жас аралығындағы 34 респонденттің қатысуымен онлайн форматта жүзеге асырылды. Сипаттамалық статистика, үлестірім ерекшеліктері және ішкі келісімділік көрсеткіштері талданды. Нәтижелер FoMO шкаласының қазақша нұсқасының сенімділігінің жоғары екенін (Cronbach’s α = 0,878) және барлық тармақтардың өлшенетін конструктпен үйлесімді екенін көрсетті. Қорытындылай келе, FoMO шкаласының қазақ тіліне бейімделген нұсқасы Қазақстан жастары арасында әлеуметтік желілерді пайдалану ерекшеліктерін,
