Аңдатпа
Мақалада жасөспірімдердің лудоманияға қызығушылығы мен тәуелділігінің мәселесі анықталып және оның алдын алу жұмыстары қарастырылған. Жасөспірімдердегі лудоманияға тәуелділіктің алдын-алудың педагогикалық-психологиялық шарттарын теориялық негізделіп, оның педагогикалық шарттары, алдын алудың құрылымы, өлшемдері мен көрсеткіштері айқындалған. Зерттеу жұмысының мақсаты жасөспірімдердегі лудоманияға тәуелділіктің алдын алу жолдарын теориялық негіздеу, әдістемесін жасау және эксперименталды түрде тексеру болып белгіленген. Зерттеу барысында лудоманияның қоғамда даму қарқыны қарастырылып, соның ішінде жасөспірімдер арасындағы үлесі айқындалуы, жастар арасындағы лудоманияның негізгі бастауы ретінде көрінетін социологиялық факторлар анықталып, оның алдын алу бойынша психологиялық қызметтер тізбегі жасақталуы зертеудің жаңалығын құрайды. Мақалада жасөспірімдер арасында лудоманияның (құмар ойындарға тәуелділік) алдын алу, қауіп факторларын түсіндіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру және психологиялық тұрақтылықты нығайту іс-шараларды қолданудың маңыздылығы көрсетілген. Қорытындылай келе, жасөспірімдер арасындағы лудомания құбылысының қоғамға алып келер зияны туралы қорытынды жасалып, оның алдын алу бойынша әрекеттер тізбегі тәжірибеден өткізілді.
