Аңдатпа
Химия сабағында оқушының құзыреттілігін қалыптастыруда мультимедиялық технологияларды тиімді пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Зерттеудің мақсаты жаратылыстану-математикалық цикл бойынша химия сабақтарында жаңа ұғымдарды оқытудың вариативті проблемасы жағдайында мультимедиялық технологиялардың тиімділігін теориялық және экспериментальдық түрде зерттеу. Зерттеу Мұса Байзақов атындағы № 18 жалпы орта мектебінің 8а және 8ә сыныптар арасында жүргізіліп, сауалнама алынды. Оқушылардың мультимедиялық технологиялар мен әдістемелерді мақұлдайтыны сауалнама арқылы анықталды. Зерттеу нәтижесінде 8а сыныбының оқу үлгерімі төмен болғандықтан, ол сыныпты эксперименттік сынып негізінде алынды. Мультимедиялық технологияларды қолдану арқылы 8а сыныбындағы химия сабақтарында виртуалды зертхана, анимациялық кескіндер, бейнесабақтар, электрондық оқулықтар пайдаланылды. Жаңа инновациялық технологияларды қолданып өтілген сабақтың үлгерім нәтижесі 86% құрады. 8а сынып оқушыларының сабақ үлгерімі 12%-ға өсті. Әрбір тақырып бойынша өтілген сабақтан кейін оқушылардан сауалнама алынды. Сауалнама нәтижелері бойынша мультимедиялық оқыту технологиясын пайдаланып өтілген сабақ бойынша сауалнамаға қатысып жауап нәтижелерінің көрсеткіші 87% құрады.