ҚЫТАЙ ТІЛІНДЕГІ “口, 嘴 - АУЫЗ” ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ “MOUTH” СӨЗДЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕРДІҢ МЕТАФОРАЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОНИМИЯЛЫҚ ҚОЛДАНЫЛУЫН САЛЫСТЫРА ТАЛДАУ
pdf

Кілт сөздер

салыстырмалы талдау, метафора, метонимия, тура және ауыспалы мағына, тұрақты тіркестер, “口 - kǒu, 嘴 – zuǐ - ауыз”, “mouth”

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тоқтарбек, Қ., Жуманбекова, Н. and Тулеева, Ч. (2026) “ҚЫТАЙ ТІЛІНДЕГІ “口, 嘴 - АУЫЗ” ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ‘MOUTH’ СӨЗДЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕРДІҢ МЕТАФОРАЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОНИМИЯЛЫҚ ҚОЛДАНЫЛУЫН САЛЫСТЫРА ТАЛДАУ”, Магистранттармен докторанттарға арналған "Шығыс - Батыс" ғылыми-әдістемелік журнал, 10(2), pp. 149–166. Available at: https://journal.e-asj.com/index.php/easj/article/view/172 (Accessed: 6 August 2026).

Аңдатпа

Ағылшын тіліндегі “mouth” және қытай тіліндегі “口- kǒu, 嘴 – zuǐ - ауыз” сөздері метафоралық және метонимиялық қолданылуында негізділікке ие. Екеуі де ауыздың пішіні, функциясы және әрекет ету тәсілдерін негіз етіп алады. Метонимиялық тұрғыдан қарағанда, бұл сөздер бір танымдық доменде бірдей ауыстыру қатынасын көрсеткенімен, әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Метафоралық тұрғыдан алғанда, бұл сөздер пішін/заттар, эмоция/құлық, әлеуметтік қатынас және мінез-құлық домендеріне проекциялана алады, ал қытай тіліндегі “口 - kǒu, 嘴 - zuǐ - ауыз” сонымен қатар білім/интеллект доменіне де проекциялануы мүмкін. Қытай тіліндегі бұл сөздердің проекциясы кең және өнімділігі жоғары, бұл ағылшын және қытай тілдерінің танымдық және тілдік ерекшеліктеріне байланысты. Танымдық домен тұрғысынан, бұл сөздердің метафоралық проекциясы “以身喻心 - yǐ shēn yù xīn - дене арқылы ой мен сезімді бейнелеу” және “以身喻身 - yǐ shēn yù shēn - дене арқылы денені бейнелеу” тәсілдерімен көрсетіледі. Мақалада ағылшын және қытай тілдеріндегі «ауыз» ұғымына байланысты тұрақты тіркестер тура және ауыспалы мағынасымен қарастырылып, метафоралық және метонимиялық қолданыстары салыстырыла талданады.

pdf