Мұнай-газ секторындағы қалдықтарды басқару: Қашаған кен орнындағы жерүстікешенінің тәжірибесі
pdf (English)

Кілт сөздер

Қашаған кен орны, қалдықтарды басқару, жасыл экономика, экологиялық тұрақтылық, тиімді әдістер, кәдеге жарту

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Досмухамбетова, Д., Тауова, Н. and Тогаев, И. (2025) “Мұнай-газ секторындағы қалдықтарды басқару: Қашаған кен орнындағы жерүстікешенінің тәжірибесі”, Магистранттармен докторанттарға арналған ғылыми-әдістемелік журнал (EW ESMJ), 7(3), pp. 36–45. Available at: https://journal.e-asj.com/index.php/easj/article/view/171 (Accessed: 20 September 2026).

Аңдатпа

Бұл мақалада Қашаған кен орнында North Caspian Operating Company (NCOC) компаниясы қолданатын қалдықтарды басқарудың кешенді әдіс тәсілдері айтылған. Әлемдегі ең ірі мұнай кен орындарының бірі болсада, орналасу аймағына, қоршаған ортаның климаттық жағдайларына, дамыған инфрақұрылымына байланысты қалдықтар мәселесі қазіргі таңда өзекті болып тұр. Қалдықтардың көлемін азайту жұмыстары, қайта өңдеу, өндіру және қауіпті материалдарды да кәдеге жаратуды ұйымдастыру жасыл экономика қағидаттарын енгізуге ерекше назар аударылады. Халықаралық экологиялық тұрақтылық стандарттары бойынша қалдықтарды кәдеге жарату, екінші реттік қайта пайдалануға және қалдықтарды қайта өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Кен орнын зерттеуге байланысты қалдықтарды жіктеу әдістерін және нормативтік талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ете отырып, қайта өңдеу және көму үшін арнайы мердігерлерге қалдықтарды беру процесін қарастырады. Кен орнын зерттеу нәтижесінде қалдықтардың алдын алудан бастап, оларды түпкілікті жоюға дейінгі әрекеттер қалдықтарды басқару иерархиясының сәтті қолданылуын көрсетеді. NCOC-нің қоршаған ортаға әсерді азайту және өндірістік процестерді жеңілдету тәжірибесі экономикалық өсу мен экологиялық жауапкершілік арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған өнеркәсіптік жобалар үшін құнды үлгі болып табылады. Бұл жұмыс қоршаған ортаны қорғау мамандары мен тұрақты даму сарапшылары үшін өте маңызды, өйткені ол мұнай-газ саласындағы инновациялар мен қалдықтарды басқарудың тиімді әдістерін көрсетеді.

pdf (English)