Мұғалімдер мен жасанды интеллект: болашақта білім беру процесінің негізі кім болады?
pdf (Russian)

Кілт сөздер

жасанды интеллект, білім беру, мұғалім, технологиялық симбиоз, оқытуды жекелендіру, автоматтандыру, креативтілік, болашақ педагогикасы, білім беру технологиялары, инновациялар

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Серік, Ә. and Мажитова, С. (2025) “Мұғалімдер мен жасанды интеллект: болашақта білім беру процесінің негізі кім болады?”, Магистранттармен докторанттарға арналған ғылыми-әдістемелік журнал (EW ESMJ), 8(4), pp. 119–132. Available at: https://journal.e-asj.com/index.php/easj/article/view/145 (Accessed: 20 September 2026).

Аңдатпа

Зерттеуде жасанды интеллект мұғалімді толық алмастырмайтыны, керісінше, оның жұмысын толықтыратын маңызды құралға айналатыны туралы гипотеза қарастырылады. Педагогтар, оқушылар және ата-аналар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде білім беруде жасанды интеллектті енгізудің негізгі бағыттары анықталып, оны оқыту процесінің түрлі аспектілерінде қолдану перспективалары қарастырылды, соның ішінде оқытуды жекелендіру, рутиналық тапсырмаларды автоматтандыру және креативтілікті дамыту. Қорытынды нәтижелер мұғалім мен жасанды интеллекттің үйлесімділігі – болашақ білім беру үшін ең тиімді модель екенін көрсетеді, мұнда технологиялар мұғалімнің рөлін қолдайды, бірақ оны алмастырмайды. Мұғалім тұлғаны қалыптастыруда, сыни ойлауды дамытуда және оқушыларды әлеуметтендіруде теңдессіз рөл атқарады. Мақалада білім беру жүйесін жаңа технологиялық шынайылыққа бейімдеудің маңыздылығы атап өтіледі, цифрлық құралдар мен дәстүрлі оқыту әдістері арасындағы тепе-теңдікті сақтай отырып, жоғары білім беру нәтижелеріне қол жеткізу қажеттілігі көрсетіледі.

pdf (Russian)