Аңдатпа
Бұл мақалада мүмкіндігі шектеулі балалар үшін информатика пәнін білудің маңыздылығы қарастырылған. Сондай ақ мақалада болашақ информатика мұғалімдерінің мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасаудағы дайындық деңгейі туралы мәселе көтеріледі. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды білу, мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтенудің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады және қазіргі әлемдегі информатиканың пәнінің маңыздылығы көтеріледі. Мақалада инклюзивті білім беру идеясы қарастырылады және мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс кезінде информатика сабақтарында қандай мәселелермен кездесуге болады. Сонымен қатар қашықтықтан оқыту түрі қарастырылады және ол мүмкіндігі шектеулі балаларға қалай әсер етуі мүмкін, информатика пәнінің ерекшеліктері және инклюзивті оқытудың міндеттері. Информатика сабағының басқа пәндерден айырмашылықтарының бірі қарастырылады, өйткені информатикадағы негізгі жұмыс компьютерге басты назар аударады, бұл танымдық қабілеттерін арттырады. Сондай-ақ, мақалада есту қабілеті нашар және қазіргі уақытта қандай технологиялар мен олармен жұмыс істеу ерекшеліктері және қандай ақаулардың түрін болатының, нашар көретіндер мен
зағип балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері мен жұмыстары қарастарылады. Осылайша, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіруде информатиканың маңыздылығын атап өту қажет, ал информатика білім алушылардың оқуын әртараптандыруға мүмкіндік береді, компьютер информатика саласындағы білімді ғана емес сонымен бірге қоғаммен карым қатынасты дамытудың тамаша құрал бола алады.