Аңдатпа
Бұл мақала соңғы уақытта өзектілігі жоғары - дүниежүзі бойынша уытты металдармен ластану мәселесін негізге ала отырып, уытты металдардың әрқайсысына тоқталу арқылы олардың ағазға түсу жолдары мен денсаулыққа әсері жайлы ақпаратты қамтиды. Жұмыс уытты металдармен ластану мәселесін жан-жақты талдап, онымен күресу бойынша қолданылатын хелаттау және ионалмасу хроматография іс-шараларының артықшылықтары мен кемшіліктерін талдайды. Атап айтқанда, хелаттауда хелат агенттер металдармен тұрақты кешендер түзіп, ағзадан оларды шығаруға негізделсе, ионалмасу хроматографиясы - сорбенттерде иондар қоспасын бөлудің сорбциялы динамикалық әдісі саналады. Хелаттауды үй жағдайында қолдану тиімді және оның ағзаға жанама әсері аз болса да, хелатты қосылыстардың сақтау мерзімінің аздығы және терапияның қымбаттылығы бұл әдістің кемшіліктеріне жатады. Ионалмасу хроматографиясының артықшылығы - әртүрлі иондарды талдау қабілеті болғанмен, бұл әдісті қолдануда да кейбір факторларға тәуелділік, арнайы жабдықтың қажеттілігі секілді қиыншылықтар кездеседі. Ластану мәселесін шешу жолында мемлекеттердің билік басшылары ғылыми салада білікті мамандармен біріге отыра жұмыс жасауда. Елдердің экология саласына үлкен өлшемде қаржының бөлінуі, халықты «қалдықсық өңдеу» бағытына қосылуға шақыру, жанама энергия түрлерін қолданысқа енгізу секілді іс-шаралар ауыр металдардың қоршаған ортаға әсерін тежеуге септігін тигізеді.Сонымен қатар, осы мәселенің әртүрлі мемлекеттердегі сипаты аталып өтіледі. Соның ішінде, дүниежүзі бойынша Қытай, Бангладеш, Нигерия секілді мемлекеттерде ластану ахуал жағдайда екені анықталды. Бұл құбылыс елдердегі өнеркәсіп орындарының көптеп шоғырлануымен, оларда жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталмауымен және тағы басқа факторлармен түсіндіріледі. Уытты металдардың Қазақстандағы таралуын болжауда тәжірибелер жасалып, мақаланың соңында тақырыпқа сәйкес қорытынды ұсынылды.
