Біз туралы

 

Eurasian Scientific and Methodological Journal “East – West” for master and doctoral students (Магистранттар мен докторанттарға арналған «Шығыс - Батыс» Еуразиялық ғылыми-әдістемелік журналы) – халықаралық ғылыми-әдістемелік басылым. Журнал 2022 жылы құрылған.

Журналдың негізгі тақырыптық бағыты – экономика, ғылым және білім саласындағы қазақстандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулерінің мазмұны мен нәтижелерін қамту.

Жариялау үшін журнал тақырыбына сәйкес келетін іргелі және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін көрсететін ғылыми, талдамалық, ғылыми-әдістемелік мақалалар, сондай-ақ автордың(лардың) тұжырымдамалық ұстанымын нақты көрсететін шолу мақалалар қабылданады.

         Журналдың негізгі бөлімдері: -----.

         Журналдың миссиясы – экономика, білім және ғылымның өзекті мәселелерін ашық талқылауға әртүрлі сала қайраткерлерін тарту; білім беру саясаты, теория және практикасы саласындағы шығармашылық бастамаларды қолдау, бизнес-инновацияларды дамытумен білім және ғылым жүйесін жетілдіру бойынша отандық және шетелдік ғалымдар мен педагогтардың қызметін интеграциялауға жәрдемдесу.

         Журналдың редакциялық алқасы мен редакциялық кеңесінің құрамында (-------), сондай-ақ Әзірбайжан, ------------------ жетекші жоғары оқу орындарының мамандары бар.

         Журналдың мақсатты аудиториясы: жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы; экономика, ғылым және білім беру саласындағы академиялық қызметкерлер мен сарапшылар; қазақстандық және шетелдік университеттер мен ғылыми-білім беру мекемелерінің докторанттар, аспиранттар, ізденушілер, магистранттар мен студенттері; мектеп мұғалімдері, қосымша білім беру педагогтары және т.б.

         Журналдың стратегиялық мақсаты – ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК (ЖАК) ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағын алу үшін диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын жетекші рецензияланған ғылыми журналдар тізімі, сондай-ақ Қазақстандық дәйексөз базасы (ҚазДБ) және халықаралық мәліметтер базаларға (Scopus, Web of Science и др.) енгізу.

         Журналдың веб-сайты бар, ол қолданыстағы ережелерге сәйкес құрылып, жүргізіледі және Журнал қызмет туралы өзекті ақпаратты ұсынады. Авторлармен хат алмасу онлайн-жүйеде жүргізіледі.

         Халықаралық мәліметтер базаларына ену үшін сайттың Sciendo платформасында (DeGruyter баспасы) ағылшын тіліндегі нұсқасы бар, онда қазақ және орыс тілдеріндегі мақалалар аударма түрінде ұсынылады, ал дереккөздер халықаралық Harvard стиліне ауыстырылады.

         Журналды Eurasian Association of Scientific Journals Ltd басып шығарады, журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлекуметтік даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркелген.

         Алғашқы тіркеу күні мен нөмірі: 09.12.2022 ж. № KZ94VPY00060902.

         Шығарылым идентификаторы: ISSN -----