БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІ
pdf

Кілт сөздер

Патриоттық тәрбие, бастауыш сынып, «Әдебиеттік оқу», аймақтық әдебиет, болашақ мұғалімдерді даярлау, оқулық мазмұны

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Нурланова , А. and Ермуханова, И. (2026) “БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІ”, Магистранттармен докторанттарға арналған ғылыми-әдістемелік журнал (EW ESMJ), 11(3), pp. 65–74. Available at: https://journal.e-asj.com/index.php/easj/article/view/215 (Accessed: 10 November 2026).

Аңдатпа

Мақалада бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудегі «Әдебиеттік оқу» пәнінің маңызы жан-жақты қарастырылады. Зерттеу барысында бастауыш сыныптарға арналған «Әдебиеттік оқу» оқулықтарындағы патриоттық мазмұндағы шығармалар іріктеліп, олардың идеялық-тақырыптық, тәрбиелік мәніне толық талдау жасалады. Оқулықта берілген көркем мәтіндер арқылы оқушылардың отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру мүмкіндіктері пайымдалады. Сонымен қатар мақалада бастауыш сыныпта патриоттық тәрбие берудің өзектілігі мен маңыздылығы ғылыми тұрғыда негізделеді. Оқушылардың ұлттық құндылықтарды тануы, тарихи санасының қалыптасуы мен азаматтық ұстанымының дамуы бастауыш кезеңнен басталатыны атап өтіледі. Мақалада Ақтөбе өңірінен шыққан ақын-жазушылардың шығармаларына ерекше назар аударылып, олардың әдеби мұрасының жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі маңыздылығы айқындалады. Аймақтық әдебиетті оқу үдерісіне енгізу арқылы оқушылардың туған өлке тарихы мен мәдениетіне қызығушылығын арттыру мүмкіндіктері қарастырылады.

pdf