ОҚЫТУДА СМАРТ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
pdf

Кілт сөздер

оқыту жүйесі, білім алушылар, смарт технологиялар, бағдарлама, ақпараттық құрылғылар

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Оңдасын, А. and Таскаирова, А. (2026) “ОҚЫТУДА СМАРТ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ”, Магистранттармен докторанттарға арналған ғылыми-әдістемелік журнал (EW ESMJ), 11(3), pp. 128–139. Available at: https://journal.e-asj.com/index.php/easj/article/view/211 (Accessed: 10 November 2026).

Аңдатпа

Мақалада смарт технологиясын оқыту жүйесінде қолданудың маңыздылығы, артықшылықтары мен мүмкіндіктері жайында айтылады. Бұл заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, білім беру үдерісін жетілдіруге мүмкіндік беретін құралдар. Олар интернет, мобильді қосымшалар, жасанды интеллект, виртуалды, цифрлық платформалар сияқты түрлі технологияларды қамтиды. Смарт оқыту жүйесін барлық пәндерді оқытуда қолдануға болады. Пәнді оқытуда смарт технологияларды қолдану білім алушылардың әртүрлі ақпарат құрылғыларын (гаджеттер, смартфондар, планшеттер және тағы басқа құрылғылар) пайдалана отырып, білімдерін жетілдіруге, ізденуге қызығушылықтарын тудырады, итеграцияланған интеллектуалды виртуалды оқыту ортасын қалыптастырады. Интернет арқылы әлемнің кез келген жерінен қажетті ақпаратты іздеуге және онлайн курстарға қатысуға, білім алушылардың жеке қажеттіліктері мен қабілеттеріне негізделген оқу жүйесін жасауға, интерактивті құралдар арқылы тапсырмаларды орындауға, түрлі жобалар жасап креативті түрде ойлауға мүмкіндік береді. Мақалада жаңа ақпараттық, заманауи технологиялардың оқыту жүйесіне оң әсерін беріп жатырғандығы, сапалы білім беруге ақпарат құрылғыларының көмегі зор екендігі әртүрлі дерек көздеріне сүйене отырып қарастырылған.

pdf