Аңдатпа
Мақалада цифрлық ортада білім беруге болашақ мамандарды даярлау барысында олардың цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың жаңа жолдарын енгізу қарастырылған.
Зерттеу мақсаты - болашақ мамандардың кәсіби білім алу үдерісі мен үздіксіз оқу практикасын интеграциялау арқылы цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың шарттары мен бағалау өлшемдерін айқындау. Жұмыстың теориялық маңызын студенттердың цифрлық сауаттылығын кәсіби білім берудің теориялық және практикалық оқыту, оқу және өндірістік практика компоненттерін интеграциялау арқылы қалыптастырудың педагогикалық шарттары жасалуы көрсетеді. Білім алушылардың цифрлық сауттылығын екі кезеңде бағалау және цифрлық ортада оқытудың әдістемелерінің жасалуы жұмыстың практикалық маңызын дәлелдейді. Эксперименттік жұмыс Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде және Орал қаласының №26 орта мектебіндегі студенттердің оқу және машықтан өту кезеңдері қамтылды, оған эксперименттік және бақылау топтарынан 57 студент қатысты (n=57). Студенттердің цифрлық сауаттылық индексін анықтау және цифрлық құралдарды меңгеру деңгейін бағалау эксперимент басында және қорытынды кезеңінде жүргізілді. Цифрлық сауаттылықты дамытудың деңгейлік көрсеткіштері ретінде жоғарыда айтылған Ресейдің «Ұлттық қаржылық зерттеулер агенттігінің талдау орталығының» (НАФИ) «цифрлық сауаттылық индексі» негізге алынды. Қорытындыда студенттердің тәжірибесі негізінде цифрлық сауаттылығын арттырудың мүмкіндіктері көрсетілді.
