Аңдатпа
Мақалада қазіргі уақытта «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде жүзеге асырылып жатқан мектептердегі тәрбие жұмысының барысына талдау жасап қарастырады. Авторлар мектепте білімалушыларға тәрбие беру іс шараларында халықтық педагогика құралдарын қолдану мен енгізудің маңыздылығын атап көрсетеді. Тәрбие жұмысының мазмұнын халықтық тәрбие құралдары арқылы байыту оқушыларда ұлттық сана, ұлттық рух, адамгершілік құндылықтар сияқты қасиеттерді қалыптастыруға ықпал ететін осындай тәрбие беру ортасын құру тетіктерін ұсынып отыр. Бұл жұмыста мектептегі «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» мазмұнын заман талабына сай оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие сағаттарын енгізудің практикалық тәжірибесін талдауды қамтиды және зерттеу нәтижелері негізінде осы өзгерістердің тиімділігіне баға береді. Қорытындылай келе, мектептегі тәрбие сағаттарының мазмұнын халықтық педагогика құралдары арқылы байыту бүгінгі жастар арасында көрініс беріп жүрген мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді деп есептейді.
