Аңдатпа
Мақалада soft skills («жұмсақ дағдылар») мазмұны, жағдайын бағалау және қалыптасуының негізгі бағыттары туралы сұрақтар ашылады, олар жалпы мәдени құзыреттілік ретінде түсіндіріледі. Болашақта жақсы маман болуы үшін балалар soft skills-тің маңызды ерекшелігі - бейімделгіштік немесе икемділік, ол әртүрлі жағдайларда бірдей жақсы жұмыс істей алатындығымен, сондай-ақ өз міндеттерін сәтті орындауды тоқтатпай, бір жағдайдан екінші жағдайға ауыса алатындығымен көрінетіндігі. Ал soft skills - бұл жұмыс процесіне сәтті қатысуға, жоғары өнімділікке жауап беретін және белгілі бір пәндік саламен байланысты емес, мамандандырылмаған, мансап үшін маңызды кәсіби емес дағдылардың жиынтығы екендігіне назар аударады. Жұмсақ дағдылардың өсіп келе жатқан маңыздылығы- жаһандану және жылдам прогресс сияқты тенденциялармен байланысты, әсіресе - жаңа
технологиялар мен жасанды интеллекттің пайда болуы. Олар еңбек ресурстарына жаңа талаптар қояды: «бәсекеге қабілетті болу үшін - жұмыскерлер ұдайы өсіп отыра алуға міндетті болады. Икемділікті, позитивті талап ететін жаңа дағдыларды дамыта отырып, өмір бойына қолдана алатын дағдылар, баланы жаңа қырынан танытып, қызығушылығын арттырады». Әсіресе бұл дағдылар баланың кішкентай кезінен дамытқан жөн. Өйткені, сәби кезіндегі баланың миы тез қабылдағыш және санасына тез сіңіреді. Сондықтан ғалымдардың зерттеулерінше, бастауыш сынып оқушыларына осы дағдыларды көптеп дамытуға ұсынады. Өкінішке орай қазіргі білім саласы, академиялық білімге көбірек көңіл аударады. Мақсатты түрде жұмсақ дағдыларды қалыптастыруға қадам жасалынбаса, болашақта қоғамда адамның әлеуметтенуі күрделі жүріп, жаңа ортада бейімделуі, адамдармен қарым-қатынас құруында қиындықтар туындайды. Қоғамдық тұрғыданбұл зерттеулердің маңыздылығының арттыруы балаларда әлеуметтік дағдылардың дамуы - қай кез болсын өзінің өзектілігін жоймайды, өйткені кәсіби қызметте болсын, өзара әрекеттесу жеке дамуында да маңыздылығын жоймайды.