Мақалаға талаптар

         Ғылыми мақала – бұрын жарияланбаған және жаңалығы бар авторлық әзірлемелерді, қорытындыларды, ұсыныстарды қамтитын ғылыми зерттеулердің, эксперименттік немесе талдау қызметінің аралық немесе түпкілікті нәтижелерінің өзіндік тұжырымы; немесе ортақ тақырыпқа қатысты бұрын жарияланған ғылыми мақалаларға шолу жасауға арналған (жүйелі шолу).

         Мақалалар электрондық форматта (doc, docx, rtf) ұсынылады. Файлдың атауында автордың тегі көрсетіледі (бірлескен авторлар болған жағдайда – бірінші автордың тегі).

         Қаріп –Times New Roman, қаріп кеглі – 12, теңестіру – мәтіннің ені бойынша, интервал – бір, абзац – 1 см, жиектері: жоғарғы және төменгі – 2 см, сол жақ – 3 см, оң жақ -1 см.

         Кестелер, диаграммалар, суреттер форматтауға мүмкіндік беретін форматта ұсынылады (аударманы жүзеге асыру үшін қажет), мысалы: 1 -сурет. Атауы. Кесте 1. Атауы. Кестелер, диаграммалар, суреттер саны ұсынылған мақаланың барлық көлемінің 20%-ынан аспауы тиіс.

         Мақаланың құрылымдық элементтеріне қойылатын талаптар:

         - ҒТАМР (ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекетаралық рубрикаторы) – мақала тілінде;
         - бір интервалдан мақаланың тақырыбы (ортасында бас әріппен, қою шрифтпен) - мақала тілінде
         - бір интервалдан мақала авторының тегі, аты, әкесінің аты (бас әріппен курсивпен, аты және әкесінің аты бірінші жазылады) – мақала тілінде – корреспондент авторы «*» белгісімен белгіленеді;
         - жұмыс (оқу) орны, қала, ел (мақала тілінде) – мақала тілінде (кіші әріппен курсивпен);
         - электрондық пошта (кіші әріппен курсивпен);
         - бір интервалдан аңдатпа (мақала тілінде) 100 сөзден кем емес және 300 сөзден артық емес;
         - түйін сөздер/сөз тіркестері - 5-10 сөз/сөз тіркесі (мақала мәтінін іздеуге және оның тақырыптық аймағын анықтауға арналған);
         - бір интервалдан: мақала мәтіні IMRAD сәйкес құрастырылады: кіріспе (өзектілігі, ғылыми маңыздылығы, зерттеу мақсаты), негізгі ережелі (материалдар мен әдістер, нәтижелер, талдау) және қорытынды (қорытындылар) – барлық құрылымдық элементтер қою шрифтпен жазылған;
         - қаржыландыру туралы ақпарат (бар болса);
         - бір интервалдан пайдаланылған әдебиеттер тізімі мәтінде әдебиеттердің аталуына қарай жақша ішінде автор (бірінші автор) және жарияланған жылы көрсетіледі. Барлық электрондық ресурстарға гиперсілтеме берілген және өтінім берілген күні көрсетіледі. Автоматты бет сілтемелерін пайдалануға рұқсат етілмейді. Әдебиеттер тізімінде кемінде 15 әдебиеттер, оның ішінде соңғы 3-5 жылда 10-15 әдебиеттер болуы тиіс (70% кем емес), оның ішінде Scopus және Web of Science базаларынан болу керек;
         - бір интервалдан References (translit-online бағдарламасындағы әдебиеттерді транслитерациялау);
         - бір интервалдан бас 2 тілде мақаланың атауы, авторлар, андатпалар мен түйінді сөздер (мысалы: егер мақала мәтіні қазақ тілінде болса – аннотация  (орыс тілінде) және abstract (ағылшын тілінде).

         Мақаланың көлемі (ҒТАМР, атауды, авторлар туралы мәліметтер, аңдатпалар мен түйінді сөздерді және пайдаланылған әдебиеттер тізімін есепке алмағанда) 2500 сөзден кем болмауы және 5000 сөзден аспауы тиіс. 200-250 беттік бір нөмірдің белгіленген көлемінен асып кетпеу үшін кестелер мен суреттердің саны (схемалар мен диаграммаларды қоса алғанда) мақаланың жалпы көлемнің 20%-нан аспауы керек.

         Әрбір түпнұсқа мақала (қоғамдық-гуманитарлық бағытты қоспағанда) зерттеу нәтижелерінің қайталануын қамтамасыз етеді, жабдық пен материалдардың шығу тегін, статистикалық деректерді өңдеу әдістерін және қайталануды қамтамасыз етудің басқа әдістерін көрсете отырып, зерттеу әдіснамасын сипаттайды.

         Қажет болған жағдайда редакциялық алқа авторлардың келісімінсіз қысқартулар мен өзгертулер енгізуге құқылы.

Мақаланың орналасуы