Аңдатпа
«Алтын қима» ұғымының пайда болған уақытынан бері ғасырлар өтсе де, өзінің құндылығын, қолданбалылығын жойған жоқ. Зерттеу тақырыбы алтын қиманың тарихына қарай ойысса, ол туралы өзінің шығу тарихы ежелгі ұғым болса, соншалықты ол туралы айта беруге болады. Дегенмен де, біз бұл жолы тарихынан бұрын, оның қолданыс аясының кеңдігі туралы айта отырып, өзіндік ой-тұжырымдарымызбен бөліспекшіміз. Мақалада алтын қима қолданысының белгілі бір салалық қолданысы туралы емес, жалпы қолданыстары туралы баяндалады. Себебі, бізді бұл тақырыпқа жалпы, өз тарапымыздан қызығушылық алып келді. Айта беретін алтын қима құпиясы неде деген сұрақтарға жауап алғымыз келді. Алынған нәтижелері мен қолданыстары туралы тың пікірлердің шынайылығына, өлшеу және есептеу құралдарын қолдана отырып, көз жеткіздік. Алған нәтижелеріміз, алтын қиманың қолданыстарын шексіз айналамыздан таба алатындығымызға сендірді.