Аңдатпа
Отбасы - қоғамның ең күрделі жүйесінің бірі. Отбасы әлеуметтік топ ретінде психология ғылымының зерттеу нысаны болып табылады, онда отбасы мүшелерінің қарым-қатынас ерекшеліктерін (ата-ана мен бала), оның сипатын, отбасында қалыптасқан психологиялық ахуал зерттеледі. Баланың психологиясын тек педагог, психолог мамандар ғана емес, ата-аналардың да зерттеуі өте маңызды, себебі, әр баланың психологиясы отбасынан басталады. Осы мәселеге сай зерттеу жұмысымызда заманауи ойыншықтардың бала психологиясына әсері туралы мәселелерді қарастырамыз. Мақалада ойыншықтар ұғымына талдау берілген. Сонымен қатар, заманауи ойыншықтардың түрлері, балалардың қабылдауы, психологтардың пікірі мен кеңестері айқындалады. Әрбір ата-ана, педагог үшін баланың психологиясы маңызды екенін түсіну ең бірінші кезектегі мәселелердің бірі. Сол себепті мақалада мамандардың ой-пікірлерін, зерттеу арқылы баланың балалық шағында тікелей қарым-қатынас орнататын тәрбиешілерден сауалдар алынып, бұл тақырыптың өзектілігін және қазіргі кездегі негізгі мәселелердің бірі екеніне көз жеткізілді.