Аңдатпа
Мақалада Қызылорда облысында жүргізіп жатқан мұнай және бұрғылау қалдықтарын өңдеу кезіндегі топырақтың ластануының экологиялық мониторингінің негізгі ерекшеліктері қарастырылған. Авторлар қоршаған ортаға әсерін анықтау үшін бұрғылау және мұнай қалдықтарын өңдеу бойынша тәжірибелік зерттеулер жүргізді. Зерттеу үшін бұрғылау шламдары, сұйық бұрғылау қалдықтары, оның ішінде бұрғылау ағынды сулары мен бұрғылау сұйықтығы, мұнаймен ластанған топырақ және мұнай шламы қолданылды. Мұнай мен бұрғылау қалдықтарын өңдеу үшін әртүрлі әдістер мен технологиялар қолданылды.Тәжірибе үшін бұрғылау шламын өңдеу алаңы, бұрғылау шламын өңдеу мен орташалаудың 3 картасы, сұйық бұрғылау қалдықтарын тұндыру және кептіру үшін 2 траншея және мұнаймен ластанған топырақты компосттау алаңы пайдаланылды. Бұрғылау және мұнай қалдықтарын өңдеу учаскесінде бұрғылау шламы, мұнай шламы және мұнаймен ластанған топырақ өңделді. Жол құрылысында қолданылатын өнім алу үшін бұрғылау қалдықтарын өңдеу жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген экологиялық мониторинг нәтижесінде қоршаған ортаға теріс экологиялық әсерді азайту бойынша жүргізілген жұмыстардың тиімділігі анықталды.