Шағын жинақты мектепте ағылшын тілі сабағында әртүрлі жастағы оқушыларды саралап оқыту
ESMJ EW 2_2024
pdf (English)

Кілт сөздер

сараланған тәсіл, шет тілі сабағы, тұлғаға бағытталған білім беру процесі

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Рахымбекова, С. and Рахимбаева , Б. (2024) “Шағын жинақты мектепте ағылшын тілі сабағында әртүрлі жастағы оқушыларды саралап оқыту”, Магистранттармен докторанттарға арналған "Шығыс - Батыс" ғылыми-әдістемелік журнал, 2(2), pp. 136–143. Available at: https://journal.e-asj.com/index.php/easj/article/view/29 (Accessed: 1 May 2025).

Аңдатпа

Мақала шағын жинақты мектептерде шет тілін оқытуда сараланған тәсілді қолдану мәселерiне арналған.  Саралап оқытуды ұйымдастыруда туындайтын маңызды мәселелердің бірі оқушылардың жас ерекшеліктерін анықтау болып табылады, онда сыртқы және ішкі саралауды жүргізген жөн.  Бұл мәселені шешу үшін нақты тұлғалық қасиеттерді және олардың белгілі бір жаста даму дәрежесін анықтау қажет.  Сонымен қатар, саралап оқыту, ең алдымен, оқушылардың оқу әрекетіне әсер ететін және оқу нәтижелеріне тәуелді болатын психологиялық ерекшеліктерін есепке алуға негізделгенін есте ұстаған жөн.  Жалпы, мұндай белгілер өте көп: барлық танымдық процестер мен есте сақтау ерекшеліктері, жүйке жүйесінің қасиеттері, мінез-құлық ерекшеліктері, темперамент, қабілеттер, дарындылық, денсаулық жағдайы және т.б. Олардың барлығын есепке алу өте қиын екені анық, сондықтан бірінші кезекте есепке алуға жататындарын бөліп көрсету керек.

pdf (English)