Африкадағы су тапшылығы және оны жеңу жолдары
pdf (English)

Кілт сөздер

су тапшылығы, Африка, аридті және семиаридті аудандар (ASAL), суды басқару бағдарламасы, инвестициялық шешімдер

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ташева, Е. and Токсанбаева, С. (2026) “Африкадағы су тапшылығы және оны жеңу жолдары”, Магистранттармен докторанттарға арналған "Шығыс - Батыс" ғылыми-әдістемелік журнал, 9(1), pp. 19–27. Available at: https://journal.e-asj.com/index.php/easj/article/view/226 (Accessed: 30 April 2026).

Аңдатпа

Су өмірдің негізгі көзі болып табылады. Демек, су ресурстарының тапшылығы әлеуметтік-экономикалық салада ауыр зардаптарға,экологиялық жағдайдың нашарлауына және қоғамдық денсаулық жағдайына әкеледі. Африканың дамушы елдеріндегі судың жетіспеушілігі табиғи факторлардың, басқару проблемаларының және әлеуметтік-экономикалық себептердің жиынтығына байланысты. Су тапшылығының негізгі аймақтары Африканың дамушы елдерінің құрғақ және семиаридті аймақтарында (ASALs) шоғырланған. Су тапшылығының себеп-салдарлық механизмдері Африка елдерінде тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудің негізгі факторы болып табылады. Су тапшылығы мәселесін шешу үшін, су пайдалану саласындағы сауаттылықты арттыру бағдарламаларын іске асыру, су үнемдеу технологияларын енгізуге және инвестициялық шешімдер қабылдауға негізделген су ресурстарын тиімді басқарудан тұрады. Су тапшылығымен күрестегі жетістіктер кедейлікті азайтуға (ТДМ 1), аштықты жоюға (ТДМ 2), халықтың денсаулығын қорғауға (ТДМ 3), сондай-ақ су және құрлық экожүйелерін сақтауға (ТДМ 14 және 15) ықпал етеді. Мақалада су тапшылығына ықпал ететін факторлар және осы мәселені шешудің мүмкін жолдары қарастырылады. Қазіргі уақытта Африканың дамушы елдеріндегі экономикалық өсу тұрақсыз, ал су саясаты жеткіліксіз болып қала береді. Мұндай жағдайларда Африкадағы су стрессі физикалық факторлармен де, суды басқару стратегияларымен де анықталады.

pdf (English)