Аңдатпа
Бұл мақалада ерте жастағы балаларда аутизм спектрлі бұзылыстардың (АСБ) M-CHAT скринингтік құралын пайдалана отырып бастапқы медициналық-санитарлық көмек жағдайында ерте анықтау мәселелері зерттелеген. Зерттеудің негізгі мақсаты-стандартталған M-CHAT тестті қолдану арқылы ерте жастағы балаларда аутизм спектрлі бұзылыстарды ерте анықтаудың ерекшеліктері мен шектеулерін бағалау. Зерттеу барысыныда жас балалар арасында аутизм спектрлі бұзылыстарды скринингінің оң нәтижелерінің таралуы анықталды, сондай-ақ M-CHAT құралын жалпы тәжірибелік дәрігерлер, алғашқы медициналық көмек көрсететін мекемелердегі қолданудағы негізгі қиындықтар мен кедергілер талданды. Анықтау процесіндегі мәселелерді анықтау үшін ата аналардан алынған жауаптар, интернет формумдар, әлеуметтік желілердегі бастан кешкен тарихтары мен аутизм мәселелеріне арналған талқылаудар жүргізілді. Алынған нәтижелер негізінде практикалық ұсыныстар жасалып, поликлиникалық жағдайда аутизм спектрлі бұзылыстарды скринингін оңтайландыруға арналған алгоритм ұсынды. Бұл алгоритм науқастарды бағыттау жүйесін жітілдіруге және ерте анықтаудың тиімділігін арттыруға бағытталған.
