ИНКЛЮЗИВТІ ОТБАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
pdf

Кілт сөздер

инклюзивті отбасы, отбасындағы қарым-қатынас, ерекше қажеттілігі бар бала, мүмкіндігі шектеулі бала, инклюзивті отбасындағы бала тәрбиесі

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ахметова, Э. (2026) “ИНКЛЮЗИВТІ ОТБАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ”, Магистранттармен докторанттарға арналған "Шығыс - Батыс" ғылыми-әдістемелік журнал, 9(1), pp. 79–90. Available at: https://journal.e-asj.com/index.php/easj/article/view/187 (Accessed: 30 April 2026).

Аңдатпа

Бұл мақалада инклюзивті отбасындағы қарым-қатынастар мәселелері, ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасыларда болатын түрлі күйзеліс факторлары, мүмкіндігі шектеулі балалардың өз бауырларына әсер ету аспектілері зерттеліп, қарастырылды. Инклюзивті отбасыда ерекше баланың тәрбиеленуі, осы отбасы мүшелерінің қарым қатынасына, олардың қоғамдағы рөліне, жалпы өмір сүру сапасына қалай әсер ететінін зерттеу үшін мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған екі отбасымен зерттеу жүргізілді. Зерттеу мақсатына сәйкес ғылыми мақалаларға талдау жасалды,  зерттеу объектісін бақылау, әңгімелесу, сұхбаттасу, талдау, кейс стади әдісін пайдалана отырып сапалық нәтижелерді сараптау, В.Ткачеваның мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеуші ата-аналар типологиясында берілген психологиялық портреттер арқылы инклюзивті отбасындағы ата-аналардың типтері анықталды. С.Д. Забрамняя бағдарламасының бейімделген нұсқасын пайдалана отырып, ерекше қажеттілігі бар балаларға диагностикалық зерттеу жүргізілді. Бұл әдіс арқылы бала туралы жалпы мәліметтер, даму тарихы, отбасы, физикалық жағдайы, танымдық іс-әрекеттің ерекшеліктері туралы ақпараттар жинақталып, «Алия және оның отбасы» және «Марат және оның отбасы» жайында кейстер құрастырылды. Ата-аналармен әңгімелесу, сұхбаттасуға негізделіп К.Эттин және Э.Хартман әдістемесі бойынша балаларға жеке «Экокарта» толтырылды. Бұл әдістеме нәтижесінде бала мен отбасының әлеуметтік ортада болатын байланыстары туралы ақпараттар графикалық бейнелеу ретінде беріліп, талданды. Отбасы мүшелерінің ішкі эмоцианалды күйлерін тұрақтандырып, жағымды қарым-қатынастарын қалыптастырудың жолдары ұсынылды.

pdf