Аңдатпа
Бұл мақалада киберқауіптерді анықтау және алдын алу мақсатында жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолдану зерттеледі. Сандық дәуірдің дамуымен қатар, кибершабуылдардың саны мен күрделілігі артуда. Дәстүрлі әдістер бұл қауіптерге қарсы тұруда жиі жеткіліксіз болып жатады, сондықтан заманауи тәсілдерді енгізу қажеттілігі туындайды. ЖИ технологиялары үлкен көлемдегі деректерді жылдам өңдеу, аномалияларды анықтау және шабуылдарға алдын ала жауап беру қабілеті арқылы киберқауіпсіздікті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Мақаланың негізгі мақсаты – ЖИ технологияларын қолданудың тиімділігін бағалау және олардың қазіргі заманғы киберқауіпсіздік жүйелерінде пайдалану жолдарын ұсыну. Зерттеу барысында машиналық оқыту алгоритмдері мен деректерді өңдеу әдістері қолданылып, олардың шабуылдарды анықтаудағы дәлдігі мен жылдамдығы талданды. Алынған нәтижелер ЖИ құралдарының дәстүрлі әдістермен салыстырғанда жоғары тиімділігін көрсетті. Бұл жұмыс киберқауіпсіздік саласындағы зерттеулерге қосымша үлес қосып, ақпараттық инфрақұрылымды қорғаудың жаңа мүмкіндіктерін ашуға бағытталған. Сонымен қатар, мақалада осы әдістерді енгізу барысында кездесуі мүмкін қиындықтар мен оларды шешу жолдары талқыланады.
