Аңдатпа
Мақала мамандық таңдаудың сәттілігіне, сонымен қатар кәсіби дамуға да әсер ететін маңызды фактор ретінде болашақ бастауыш білім беру мұғалімдерінің кәсіптік мотивациясын дамыту мәселесіне арналған. Мақалада болашақ мұғалімдерді педагогикалық қызметке дайындауда жоғары білім беру ұйымының мотивациялық қызметінің маңыздылығы атап өтіледі.
Мақаланың зерттеу бөлімінде авторлармен 6В01301 - «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының білім алушыларының болашақ қызметті таңдауына қанағаттануын анықтау мақсатында сауалнама ұсынылады және болашақ педагогтардың мотивациялық қызметінің деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін әдістер қолданылады.
Жүргізілген сауалнама нәтижелері талданған және болашақ бастауыш оқыту мұғалімдерінің кәсіби уәждемесін дамыту тәсілдері, дайындық процесін түзетуге, болашақ мамандықтың оң имиджін қалыптастыруға әсер етуге мүмкіндік беретін іс-шаралар түрлері ұсынылған.
Авторлар университеттің педагогикалық процесінің белсенді реакциясын болашақ мұғалімдерді даярлаудың маңызды үлгісі ретінде қарастырады.