Аңдатпа
Мақалада биологияны оқытуда кейс-технологияны қолдану мүмкіндіктері қарастырылады, «Жасуша механизімі ДНҚ репарациясы» тақырыбын зерттеуде кейс-технологияны қолдана отырып сабақты зерттеу нәтижесі келтірілген, TBL кейс-технологиясына негізделген дидактикалық принциптер анықталған және биология сабақтарында TBL кейспен жұмыс істеу кезеңдері келтірілген. Бұл технология белгілі бір дидактикалық принциптердің жиынтығына негізделген: біріншіден, практикалық жағдайға бағытталған проблемалық типтегі оқу тапсырмасы жасалады; екіншіден, когнитивті проблемалық сұраққа нақты жауап жоқ, бірақ шындық дәрежесіне сәйкес келетін бірнеше жауаптар бар. Оқу процесінде кейс-технологияны қолдану оқушылардың ойлауын, қабылдауын дамытуға ықпал етеді, оқу мотивациясын арттырады және оқушылардың танымдық қызығушылығын ынталандырады, бірақ мұғалімді сабаққа дайындау үшін байыпты ұзақ дайындықты және, әрине, ұзағырақ уақытты қажет етеді.ТBL кейс-технологиясы оқушыларды қызықтыру әрі ойлау дағдысын дамытатын оқытудың тиімді технологиясы.